Республикалық студенттік пәндік олимпиада 2025 жылFarabi University

Республикалық студенттік пәндік олимпиада 2025 жыл

30 сәуір, 2025

2025 жылдың 29-30 сәуірінде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде білім беру бағдарламалары топтары бойынша студенттер арасында Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың II кезеңі өткізілді. Олимпиадаға 27 университеттен 260-тан астам студент қатысып, өз білімдері мен дағдыларын сынады. Олимпиада тартысқа толы болды, студенттер үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін үлкен бәсекеге түсті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультеті, Түркітану және тіл теориясы кафедрасы 6В01701 - Шет тілі, екі шет тілі: түрік тілі бағыты бойынша олимпиадаға қатысып, біздің кафедраның 4-курс студенті Ысқақ Милана 3-орынды иеленді. Студенттің жетекшісі Аширкулов Канат Бахтиярулы болды. Сонымен қатар, Аширкулов Канат Бахтиярулы Түркітану және тіл теориясы кафедрасының оқытушысы ретінде апелациялық комиссия құрамында қызмет атқарды.

Олимпиада барысында түрік тілі секциясының қатысушылары ерекше белсенділік танытып, жоғары деңгейдегі білімдерін көрсетті. Түрік тілі мен әдебиеті саласындағы құзыреттіліктерін арттыруға мүмкіндік берген бұл секцияның маңызы ерекше. Олимпиадаға қатысушылар өз білімдерін шыңдап, түрік тілінің болашағына үлкен үлес қосатын жаңа идеялармен бөлісті.

ҚазҰУ университеті мен Түркітану және тіл теориясы кафедрасының ұжымына, сондай-ақ студенттерді қолдап, жетістікке жетуіне ықпал еткен барлық ұйымдастырушыларға үлкен алғысымызды білдіреміз.

 

Ұйымдастырушы: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының оқытушысы Аширкулов Канат Бахтиярулы