
2025 жылдың 15 мамыр 4-ТДМ «Сапалы білім» аясында филология факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы ұйымдастыруымен Дүкенбай Досжан атындағы Цифрлық филология ғылыми-шығармашылық орталығында «Қазақ әдебиеті туралы ғылыми-зерттеу мақалаларды жариялау және насихаттау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Спикерлер Еуразия шығармашылық гильдиясының» (Лондон қаласы, Ұлыбритания) вице-төрағасы Ахмеджанов Марат Исмаилович және атқарушы директор Тайна Каунис болды.
Дөңгелек үстелді кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Темірболат Алуа Берікбайқызы ашып, кіріспе сөз сөйледі.
Марат Исмаилович пен Тайна Каунис өз баяндамасында Орта Азиядағы баспа ісі және басылымдар, олардың Еуропада жариялану жолдары туралы айтты. Сонымен қатар, 2024 жылдың желтоқсан айынан бастап, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті гильдияның мүшесі болғаны туралы хабарлады. М.И. Ахмеджанов «Еуразия шығармашылық гильдиясы» жылына әр түрлі сала бойынша байқаулар өткізетінін және сол байқауларға университеттің жас ғалымдары мен студенттері қатыса алатыны туралы ескертті. Сөз барысында қазіргі кездегі Орта Азиядағы баспа істерінің жұмыстарын жасқарту, әлемдік нарыққа шығу жолдары талқыланды.
Дөңгелек үстел барысында қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының оқытушылары: ф.ғ.к. Сағындық Н.Б., ф.ғ.к. Мекебаева Л.А., аға оқытушы Шортанбай Ш.А., PhD Оспанова Г.Т. сөйледі. Бұл іс-шараға филология факультетінің докторанттары, магистранттары және студенттері қатысты. Олар Марат Исмаилович пен Тайна Кауниске сұрақ қойды және өз пікірлерін білдірді.
Дөңгелек үстел қорытындысында филология факультеті мен Еуразиялық шығармашылық гильдия ынтымақтастығының маңыздылығы атап өтілді.