Қытайтану кафедрасының докторанты Қытайда ғылыми тағылымдамадан өтті

2025 жылдың 17 сәуірнен 15 мамыр аралығында Шығыстану факультеті, Қытайтану кафедрасының 2-курс докторанты Құрбанәлі Жазира халықаралық ғылыми бағдарлама аясында Қытайдың Сиань қаласындағы Солтүстік-Батыс университетіндегі тағылымдамадан өтіп қайтты.
Тағылымдамада тәлімгер Солтүстік-Батыс университеті, Жібек жолы зерттеу орталығынындағы жетекші зерттеуші-ғалымдарымен бірлесіп жұмыс істеп, заманауи ғылыми әдістермен және ғылыми мәселелерді шешудің озық тәсілдерімен танысуға мүмкіндік алды. Шетелдік жетекшісі профессор Шау Хуй Чю мырзамен зерттеу тақырыбы бойынша теориялық және әдіснамалық кеңес алып, кәсіби әрі ғылыми дағдыларын дамыту мүмкіндігіне ие болды.
Іс-тәжірибе барысында ғылыми жетекшінің қолдауымен Құрбанәлі Жазира екі ғылыми семинарға қатысып, өз біліктілігін арттыруға мүмкіндік алды:
Жібек жолы археологиялық зерттеу орталығы ұйымдастырған «Қазақстан-Қытай бірлескен археологиялық зерттеу жұмыстарын ілгерілету» атты ғылыми семинарға қатысып, зерттеу тақырыбына байланысты археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері бойынша сөз сөйледі, бұл бағыттағы ғылыми зерттеулердің маңыздылығына тоқталды.
Шэньси археология институтының кітапханасында шетелдік жетекшісі мен бірге «Азияның ерте темір дәуіріндегі көшпелі мәдениеті» тақырыбындағы ғылыми семинарға қатысып, «Есік патша обасының табылу тарихы мен зерттелуі» тақырыбында баяндама жасады, Семинарға қытайдың жетекші мамандары қатысып, тақырып бойынша ғылымдағы жаңа тенденцияларды талқылау жұмыстары жүргізілді. Аталған семинарлар Құрбанәлі Жазираның ғылым саласындағы теориялық біліктілігін тереңдетіп қана қоймай, сонымен қатар ғылыми жұмыс дағдыларын практикалық тұрғыдан дамытуға мүмкіндік болды.
Сонымен қатар, Құрбанәлі Жазира университеттің бай қоры бар кітапханасы және ғылыми зерттеу орталықтарымен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болды. Бұл теориялық білімін жетілдіріп, ғылыми материалдар қорын толықтыруға көмектесті. Тағылымдама барысында алынған нәтижелер тәлімгердің ғылыми жұмысымды жақсартуға және халықаралық журналдарға жарияланымдар дайындауға септігін тигізді.
Кітапхана, архив, және Қытайдың танымал сайттарынан зерттеу тақырыбына байланысты материялдар қорын топтастырды. Сондай-ақ, семинарлар мен дәрістерге, конференцияларға қатысып, ғылыми танымын кеңейтілді.
Басқа жаңалықтар

