InterPore 2025 халықаралық конференциясыFarabi University

InterPore 2025 халықаралық конференциясы

28 мамыр, 2025

2025 жылдың 18–22 мамыры аралығында кіші ғылыми қызметкерЖансая Айтхожа АҚШ-тың Альбукерке қаласында өткен InterPore 2025 халықаралық ғылыми конференциясына қатысып, өз ғылыми жұмысын таныстырды.

Ол «Enhanced hydrocarbon removal from porous media: pore-scale investigation using polymer and alcohol solutions» атты ғылыми постерін ұсынды (авторлар: Ж. Айтхожа, Б.Бекбау, Д. Туралина, С. Өмірбеков). Зерттеу мұнай өнімдерімен ластанған топырақты алкоголь мен полимерлер негізіндегі ерітінділер арқылы тиімді тазартуға бағытталған. Жұмыста кеуек деңгейіндегі процестерді жасанды интеллект көмегімен талдау жүргізілген.

Аталған зерттеу БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) тікелей байланысты, атап айтқанда:

  • ТДМ 6Таза су мен санитария,
  • ТДМ 13Климаттың өзгеруіне қарсы әрекет,
  • ТДМ 15Құрлықтағы экожүйелерді сақтау,
    сонымен қатар халықаралық ғылыми серіктестіктерді нығайту арқылы ТДМ 17ТДМ аясындағы серіктестік мақсатына да үлес қосады.

Бес күн ішінде Жансая оқу курстарына, дәрістерге, ауызша және постерлік сессияларға қатысып, әлемнің түкпір-түкпірінен келген зерттеушілермен тәжірибе алмасты. Зерттеуіне қатысты пікірлер мен ұсыныстар алмасу болашақ тәжірибелік жұмыстар үшін маңызды бағыттарды айқындауға көмектесті.

InterPore 2025 конференциясына қатысу жас ғалымдарымыздың халықаралық деңгейде тәжірибе жинауына және экологиялық қауіпсіз технологияларды дамытуға өз үлесін қосуына үлкен мүмкіндік болды.

Конференцияға қатысу және ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу ҚР ҒЖБМ-нің гранттық қаржыландыру жобасы аясында жүзеге асырылды (жоба нөмірі AP23483887) – «Ластанған сулы деңгейжиектерді физикалық-химиялық ремедиациялауды зерттеуге арналған жаңа симуляторды әзірлеу және қолдану».

Мақала авторы, механика кафедрасының аға оқытушысы, ф-м.ғ.к Туралина Д.Е.