- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Математикалық және компьютерлік модельдеу» кафедрасының магистранты Республикалық байқауда І дәрежелі диплом иегері атанды
«Математикалық және компьютерлік модельдеу» кафедрасының магистранты Республикалық байқауда І дәрежелі диплом иегері атанды
8 мамыр, 2025

2025 жылғы 8 мамырда Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде өткен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық байқауының II кезеңінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Математикалық және компьютерлік модельдеу» кафедрасының 2-курс магистранты Танашова Мөлдір Есенәлиқызы жүлделі орынға ие болды.
Мөлдір «Қазақстанның өнеркәсіптік қалалары атмосферасындағы зиянды заттардың таралуы: модельдеу және деректерді нақтылау» тақырыбындағы ғылыми жұмысымен І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Темірбеков Нұрлан Мұқанұлы.
Магистрантымызды және ғылыми жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа белестерді бағындыра беріңіздер!
Басқа жаңалықтар

16 шілде, 2025

16 шілде, 2025