МКМ кафедрасының студенті республикалық Универсиадада жеңіске жетті
28 мамыр, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының 3-курс студенті Алмас Шудабай Түркістан қаласында өткен XIII жазғы Универсиадада шахматтан университет құрамасының қатарында өнер көрсетіп, 1-орынға ие болды.
Аталған Универсиада – Қазақстанның барлық аймақтарынан келген студент-спортшылардың қатысуымен өткен маңызды жарыс. ҚазҰУ командасының жеңісі – студенттердің жоғары дайындық деңгейін және жауапкершілігін көрсетті. Алмас Шудабай турнир барысында сенімді ойын көрсетіп, команда құрамында маңызды нәтижеге қол жеткізуге үлес қосты.