Студенттер Алматылық ботаникалық баққа бардыFarabi University

Студенттер Алматылық ботаникалық баққа барды

29 мамыр, 2025

Эколог күніне арналған дөңгелек үстелге дайындық аясында Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының ұйымдастыруымен студенттер Алматы қаласындағы Ботаникалық баққа барды. Сапардың мақсаты — қалалық экожүйе мен биоалуантүрлілікті тәжірибе жүзінде зерттеу болды.

Экскурсия барысында студенттер флораның алуан түрлілігін, жасыл желектердің жағдайын және адамның табиғи ортамен өзара әрекетін бақылап, далалық зерттеу жүргізді. Ерекше назар сирек кездесетін және эндемикалық өсімдік түрлеріне, сондай-ақ бақтағы абаттандыру мен күтім мәселелеріне аударылды.

Қатысушылар өз бақылауларын фото және бейнематериалдар түрінде тіркеп, оларды кейінгі дөңгелек үстелде талқылауға пайдаланды. Ботаникалық баққа бару студенттердің экологиялық санасын арттырып, мегаполис жағдайындағы жасыл аймақтардың маңызын терең түсінуге мүмкіндік берді.