География және табиғатты пайдалану факультеті Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінің делегациясын қабылдадыFarabi University

География және табиғатты пайдалану факультеті Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінің делегациясын қабылдады

4 маусым, 2025

2025 жылғы 3 маусымда ТДМ 4 және 17 міндеттерін іске асыру шеңберінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінде Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университеті (Өзбекстан Республикасы) делегациясымен кездесу өтті.

Кездесу барысында факультет пен тұрақты даму орталығының инфрақұрылымымен таныстыру мақсатында кампус-тур ұйымдастырылды. Қонақтарға оқу процесі мен ғылыми жобаларда қолданылатын заманауи құрал-жабдықтар көрсетіліп, тұрақты даму, экологиялық қауіпсіздік және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бағыттарындағы атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды.

Кездесу барысында екі университет арасындағы академиялық және ғылыми ынтымақтастықтың келешегі, соның ішінде ғылыми және педагогикалық география  бағыттында серіктестік мәселелері талқыланды. Тараптар бірлескен зерттеу жобаларын жүзеге асыруға, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамытуға және география мен тұрақты даму саласында мамандар даярлау бойынша тәжірибе алмасуға қызығушылық білдірді.

География және табиғатты пайдалану факультеті халықаралық ынтымақтастықты нығайта отырып, жаһандық білім беру және ғылыми кеңістікке бірігудің жаңа мүмкіндіктерін ашуды жалғастырады.