- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Еуразиялық экономикалық-географтар конгресінде: ТДМ 17 – Ортақ мақсаттарға жету үшін серіктестік аясындағы ынтымақтастық
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Еуразиялық экономикалық-географтар конгресінде: ТДМ 17 – Ортақ мақсаттарға жету үшін серіктестік аясындағы ынтымақтастық
2025 жылдың 31 мамыры мен 9 маусымы аралығында Қырғыз Республикасының Ош және Бішкек қалаларында Еуразиялық экономикалық-географтар конгресі өтуде. Конгрессті Ош мемлекеттік университеті, И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті, Ресейдің географ-қоғамтанушылар қауымдастығы және Ресей Ғылым академиясының География институты ұйымдастырды.
Конгреске қоғамдық география, тұрақты даму, геоэкономика және экология салаларындағы 15-тен астам елдің жетекші ғалымдары мен сарапшылары қатысуда. Бағдарламаға пленарлық және секциялық отырыстар, дөңгелек үстелдер мен халықаралық жобалардың тұсаукесерлері кіреді.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тұрақты даму жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі, география ғылымдарының кандидаты, доцент Базарбаева Тұрсынкүл Аманкелдіқызы таныстырып отыр. Ол 2 маусымда Ош қаласында өткен пленарлық отырыста «Батыс Қазақстан топырақтарының өнеркәсіптік қызмет салдарынан уытты химиялық заттармен ластануын бағалау» атты мегагранттық жобаның нәтижелері бойынша баяндама жасады. Баяндама халықаралық қауымдастық тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, сарапшылар жоғары бағалады.
ҚазҰУ-дың бұл форумға қатысуы университеттің тұрақты даму мақсаттары мен өңірлік экологиялық күн тәртібін ілгерілетудегі белсенді ғылыми және халықаралық ұстанымын көрсетеді.
Басқа жаңалықтар
