- Басты бет
- Жаңалықтар
- «6В05205 – География» білім беру бағдарламасы бойынша 1-курс студенттері далалық практика жұмыстарын жүргізді
«6В05205 – География» білім беру бағдарламасы бойынша 1-курс студенттері далалық практика жұмыстарын жүргізді

2025 жылғы 26 мамырдан бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінің «6В05205 – География» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 1-курс студенттері кәсіби (оқу-жалпыгеографиялық) далалық практика жұмыстарын жасады.
Аталған практика география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының ұйымдастыруымен жүргізілді. Далалық іс-тәжірибе аясында студенттер нақты жер бедерінде географиялық құбылыстарды зерттеп, табиғи компоненттердің кеңістіктік ұйымдасу ерекшеліктеріне талдау жасады.
Практиканың бағыты ретінде Алматы қаласы маңындағы табиғи нысандар – Түрген шатқалы, Шарын шатқалы және Алтын Емел мемлекеттік ұлттық табиғи паркі таңдалды. Бұл аумақтар табиғи-ландшафттық алуандығымен ерекшеленіп, студенттердің далалық зерттеу дағдыларын қалыптастыруға зор мүмкіндік берді.
Практика барысында студенттер:
- физикалық-географиялық жағдайларды сипаттады;
- жер бедері, климат, топырақ және өсімдік жамылғысының өзара байланысына талдау жасады;
- ландшафтық құрылымдарды карта-схема түрінде бейнеледі;
- далалық күнделік жүргізіп, зерттелген нысандарды сипаттады.
Практиканың ғылыми жетекшілері – г.ғ.к., аға оқытушы С.С. Түгелбаев, оқытушы А.Ә. Асанбаева және оқытушы Н.Ә. Құрбанқожа. Оқытушылар студенттерге далалық зерттеу әдістерін үйретіп, нақты географиялық нысандармен жұмыс жасауда кәсіби бағыт-бағдар берді.
Далалық практика нәтижесінде студенттер теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білді. Сонымен қатар, олар табиғи ортаны кешенді бағалау және сараптау қабілеттерін шыңдап, география мамандығы бойынша алғашқы кәсіби машықтарын меңгерді.
Басқа жаңалықтар
