ТҮЛЕКТЕРІМІЗГЕ СӘТТІЛІК!Farabi University

ТҮЛЕКТЕРІМІЗГЕ СӘТТІЛІК!

16 маусым, 2025

       2025 жылдың 2-13 маусым аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті География және табиғатты пайдалану факультетінің, Картография және геоинформатика кафедрасында үлкен әрі жауапты кезең – дипломдық жұмыстарды қорғау рәсімі сәтті өтті.

       Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының төреағасы — техника ғылымдарының кандидаты, профессор, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының меңгерушісі Мейрамбек Гүлдана.

    Сонымен қатар, комиссия құрамында кафедраның тәжірибелі және беделді оқытушылары: т.ғ.д., профессор Орынгожин Ерназ Советович, PhD докторлары әрі доцент м.а. Сарыбаев Едил Саутович, Құрманбев Олжас Сейтботанович және аға оқытушы Алишева Жанат Нуркуатовна қатысты.

       Қорғауға үш білім беру бағдарламасы бойынша жалпы 86 студент қатысты:

            6В07301 – «Геодезия және картография» бойынша – 33 студент,

            6В07302 – «Геоинформатика» бойынша – 40 студент,

            6В05206 – «Табиғи техногендік қауіп-қатерлер» бойынша – 13 студент.

       Түлектер өздерінің дипломдық жобаларында өндірістік тәжірибе барысында жинаған нақты мәліметтер мен жобаларды сәтті түрде көрсете білді. Комиссия мүшелері студенттерге нақты өндірістік және ғылыми бағыттағы сұрақтар қойып, олардың кәсіби даярлық деңгейін жан-жақты бағалады. Дипломдық жұмысты қорғау барысында студенттердің алған білімін тәжірибеде қолдана білуін, кәсіби құзыреттілігін және өз мамандығына деген қызығушылығын дәлелдеді.

     Қорғау барысында ерекше көзге түскен жобалардың қатарында келесі жұмыстар аталды: «Жерді  қашықтықтан зерделеу деректері негізінде Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерінің өзгеру динамикасына талдау жасау»,« Геоақпараттық жүйелердің құралдарының көмегімен Алматы қаласында ғимаратты және жасыл аймақтардың арақатынасын талдау», «Алматыдағы көлік ағынының әлеуметтік және экологиялық қауіп-қатерлері» және де т.б.. Бұл қорғалған тақырыптар ТДМ тармақтарындағы өзекті мәселердің шешімін көрсете алатын дипломдық жұмыстар болды.

     Барлық жұмыстар мультимедиялық технологиялардың көмегімен жоғары деңгейде ұсынылып, кешенді талдау мен шығармашылық көзқараспен ерекшеленді.

      Қорытынды нәтижелер де көңіл қуантады: 86 түлектің 73-і өз жұмыстарын «өте жақсы» деген бағаға қорғап шықты. Бұл – олардың ғана емес, жетекшілерінің де зор еңбегінің жемісі.

     Кафедрамыздың барлық түлектерін «технология және техника бакалавры» және «жаратылыстану бакалавры» біліктілігінің берілуімен құттықтаймыз! Алдағы кәсіби өмірлерінде жаңа белестерге жетіп, өз жобаларын іске асырып, еліміздің инфрақұрылымының дамуына елеулі үлес қосады деп сенеміз.

          Түлектерге – сәттілік, жарқын болашақ және кәсіби табыс тілейміз!