- Басты бет
- Жаңалықтар
- “TOURISMKAZ” мобильді қосымшасы Қытай-Қазақстан халықаралық мәдени туризмді цифрландыру форумында таныстырылды
“TOURISMKAZ” мобильді қосымшасы Қытай-Қазақстан халықаралық мәдени туризмді цифрландыру форумында таныстырылды

2025 жылғы маусым айында Алматыда (Қазақстан) Қытай-Қазақстан халықаралық мәдени туризмді цифрландыру форумы өтті. Бұл форум Қазақстан үкіметі мен туризм саласының өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары мен теледидар тарапынан жоғары бағаланып, қолдау тапты. Сонымен қатар Қытайдың беделді платформаларының өкілдері Қазақстан жерінде бас қосып, Қытай мен Қазақстан арасындағы мәдени-туристік цифрлық ынтымақтастықтың жаңа кезеңін бастады.
Форумда география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы Актымбаева Алия Сағындыққызы цифрлық туризм саласындағы жаңа бастама – “TOURISMKAZ” мобильді қосымшасын таныстырды. Форум ұйымдастырушы Guangzhou Zowoyoo Network Technology Co., Ltd. Компаниясының (Компания – туристік ұйымдарға интеллектуалды маркетинг пен технологиялық қызметтер ұсынатын халықаралық деңгейдегі платформа иесі) өкілдері Алия Сағындыққызының жобасына қызығушылық танытып “TOURISMKAZ” мобильді қосымшасын әлем нарығына шығару жолында бірлесіп жұмыс істеуге ниет білдірді.
Актымбаева Алия Сагындыковна жобаның негізгі идеяларын, мобильді қосымша арқылы туристік қызметтерді біріктіру, цифрлық инфрақұрылымды дамыту және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бағыттарын ұсынды. Компания өкілдері жүйенің мүмкіндіктерімен танысып, бірлесіп жұмыс істеуге қызығушылық білдірді.
Кездесу нәтижесінде тараптар алдағы уақытта бірлескен жобалар, ғылыми-техникалық серіктестік және студенттерге арналған тәжірибелік бағдарламалар бойынша жұмыс жүргізуге келісті. Бұл бастама Қазақстандағы цифрлық туризм саласын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етпек.
Басқа жаңалықтар
