«АЛТАЙ АМАНЖОЛОВ ЖӘНЕ ТҮРКІ ӘЛЕМІ III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АМАНЖОЛОВ ОҚУЛАРЫ»

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2025 жылдың 17 маусымында «АЛТАЙ АМАНЖОЛОВ ЖӘНЕ ТҮРКІ ӘЛЕМІ III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АМАНЖОЛОВ ОҚУЛАРЫ» дөңгелек үстел өтті. Дөігеле үстел филилогия факультетіндегі академик Ә.Т. Қайдар атындағы Халықаралық түркі мәдениеті және мұрасы орталығында өткізілді. Аталмыш шараға Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Еуразиялық зерттеу орталығы, Стамбул университеті (Стамбұл, Түркия), Мәдени мұра институты (Кишинев, Молдова), Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті (Өскемен, Қазақстан), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана, Қазақстан), Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты (Тараз, Қазақстан), Әжинияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институтынан (Нөкіс, Өзбекстан)30-дан астам ғалымдар, докторанттар мен ізденушілер қатысты. Онлайн және офлайн форматта өткізілді. Дөңгелек үстелде тіл білімінің төмендегідей мәселелері бойынша баяндамалар тыңдалды: Алтай Сәрсенұлы Аманжоловтың ғылыми мұрасы; Көне түркі лексикасы және лексикография бойынша зерттеулер; Түркологиядағы жаңа технологиялар мен зерттеу әдістері; Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері; Жазу тарихы және орфография мәселелері. Дөңгелек үстел: ЖТН BR21882334 «Қазақ поэтикалық корпусы әзірлемесі: Абай өлеңдерінің морфологиялық және поэтикалық белгіленімі»; ЖТН 19675130 «Түркі тілдеріне ортақ фразеологизмдердің лексикографиялық жүйесі» атты жобалар негізінде ұйымдастырылды.