- Басты бет
- Жаңалықтар
- География мамандығының студенттері Қазақстанның ландшафттық және әлеуметтік-экологиялық әртүрлілігін тәжірибе барысында зерттеді
География мамандығының студенттері Қазақстанның ландшафттық және әлеуметтік-экологиялық әртүрлілігін тәжірибе барысында зерттеді

2025 жылдың маусым айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының 2 курс студенттері үшін дәстүрлі зоналық оқу-далалық практика ұйымдастырылды. Практика маршруты: Алматы – Балқаш – Қарағанды – Баянауыл ұлттық табиғи паркі – Бурабай ұлттық табиғи паркі – Астана – Алматы бағытында өтті. Бұл сапар еліміздің әртүрлі физикалық-географиялық белдеулерін қамтып, студенттерге табиғи, әлеуметтік және экономикалық ерекшеліктерді кешенді түрде тануға мүмкіндік берді.
Практика аясында студенттер рельеф формаларын, топырақ жамылғысын, өсімдіктер дүниесін, гидрологиялық және климаттық жағдайларды зерттеп, табиғи кешендердің құрылымын анықтады. Сонымен қатар, антропогендік факторлардың табиғи жүйелерге әсерін, қалалық және ауылдық аумақтардағы әлеуметтік-экономикалық даму үдерістерін бағалады.
Баянауыл және Бурабай ұлттық парктерінде студенттер ландшафттық профильдер жасап, экожүйелердің рекреациялық жүктемеге төзімділігін саралады. Астана қаласында студенттер экологиялық-әлеуметтік жағдайды зерттеді.
Практика нәтижесінде студенттер тек кәсіби дағдыларды дамытып қана қоймай, өз бетімен жұмыс жасау, зерттеу жүргізу, карта мен приборлармен жұмыс жасау машықтарын да жетілдірді. Бұл тәжірибе болашақ географ мамандардың кәсіби қалыптасуына маңызды үлес қосты.
Басқа жаңалықтар
