- Басты бет
- Мұражай
- Университет музейін түркі елінің белгілі тарихшысы, Стамбұл қаласындағы Білім музейінің директоры, ғалым Үмут Атеш тамашалады
Университет музейін түркі елінің белгілі тарихшысы, Стамбұл қаласындағы Білім музейінің директоры, ғалым Үмут Атеш тамашалады

Түркиядан келген әріптесіміз Үмут Атеш мырза музей тұжырымдамасымен танысып, бірегей оқу ордасының тарихи сәттері мен кезеңдік дамуына арналған экспозицияларынан мәлімет алды.
Музейдің жалпы экспозициялық көрсетілімдері, тақырыптық қамтылуы, кезкелген көрерменге эстетикалық, рухани әсер беретін орын болып қалыптасқанын атап өтіп, жақсы баға берді.
Үмут Атеш мырза өзі басқарып отырған Стамбұл Білім музейіндегі экспозицияларына тоқталып, білім мен өркениеттің даму барысына куә болған құнды тарихи жәдігерлері – археологиялық қазба барысында табылған көне шырақтар, кітаптар, қаламдар (құстың қанатынан, ағаштан), сия сауыттар, майшамдар мен қаламсаптар туралы қысқаша мәлімет берді.
Музей ісінің майталманы, зерттеуші Умут Атеш тарих факультетінің мамандары мен музей қызметкерлерімен жақсы пікір алмасып, жүргізілген экскурсияға өз ризашылығын білдірді.
Басқа жаңалықтар

