- Басты бет
- Жаңалықтар
- Құқық тарихында өшпес із қалдырған есім: Ю.Г. Басинге арналған ескерткіш тақтаның ашылуы
Құқық тарихында өшпес із қалдырған есім: Ю.Г. Басинге арналған ескерткіш тақтаның ашылуы

2025 жылғы 24 маусымда Алматы қаласында Қазақстан Республикасының ғылымға еңбегі сіңген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, көрнекті заңгер Юрий Григорьевич Басинге арналған ескерткіш тақтаның салтанатты ашылуы өтті.
Ескерткіш тақта Юрий Григорьевич тұрған үйге – Амангелді көшесі, 50 (Қазыбек би көшесінің қиылысы) мекенжайы бойынша орнатылды.
Іс-шараға заң қауымдастығының өкілдері, әріптестері, студенттер, оқытушылар мен Юрий Григорьевичтің туыстары қатысты.
Олар оның өмір жолы, ғылыми және қоғамдық қызметі, қазақстандық құқық пен заң ғылымының дамуына қосқан үлесі туралы естеліктерімен бөлісті.
Юрий Григорьевич Басин – тек көрнекті ғалым ғана емес, бірнеше буын заңгерлерінің ұстазы болды. Оның есімі отандық құқық тарихында мәңгі сақталады.
Профессор Басиннің еңбектері, шәкірттері мен заңнамалық бастамалары оның есімін есте сақтауға негіз болды.
Оның идеялары бүгінгі ғылыми зерттеулер мен құқықтық тәжірибеде өз көрінісін табуда.
Ескерткіш тақтаны орнату – еліміздегі құқықтық мәдениетті қалыптастыруға қосқан зор үлесіне деген терең құрметтің белгісі.
Бұл оқиға тек заңгерлер қауымы үшін ғана емес, бүкіл қоғам үшін маңызды сәтке айналды.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасы.