Қытайтану кафедрасының докторанты PhD дәрежесін сәтті қорғады

2025 жылғы 24 маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану мамандығы бойынша «6D020900, 8D02209 – Шығыстану» білім беру бағдарламалары тобына арналған диссертациялық кеңесте қытайтану кафедрасының докторанты Ибраимова Анар Ратаевна «Қазақ және қытай тілдеріндегі этикет нормаларының лингвомәдени ерекшеліктері» атты тақырыпта докторлық диссертациясын сәтті қорғады.
Зерттеу жұмысы екі халықтың тіліндегі этикет нормаларын, олардың лингвомәдени мағынасын және мәдениетаралық коммуникациядағы рөлін салыстырмалы түрде талдайды.
Ресми рецензенттер:
-
ф.ғ.д., профессор Алдаш Айманкүл Мырзалықызы, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері;
-
ф.ғ.к., профессор Кобланова Айман Жилкибаевна, Абай атындағы ҚазҰПУ.
Ғылыми кеңесшілер:
-
PhD Досымбекова Рауан Орикбаевна, ҚазҰУ-дың қытайтану кафедрасының аға оқытушысы;
-
ф.ғ.к., профессор Сапашев Ораз Сапашұлы, Стамбұл университеті (Түркия).
Диссертациялық кеңестің шешімімен Ибраимова Анар Ратаевнаға философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.
Бұл ғылыми жұмыс Қазақстандағы синология ғылымына қосылған елеулі үлес болды.
Басқа жаңалықтар
