Ғылыми кеңестің қорытынды отырысы өттіFarabi University

Ғылыми кеңестің қорытынды отырысы өтті

25 маусым, 2025

   2025 жылдың 25 маусымында Шығыстану факультеті Ғылыми кеңесінің қорытынды соңғы отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде келесі негізгі мәселелер қарастырылды: 1. Кафедра меңгерушілерінің 2024-2025 оқу жылындағы атқарған жұмыстары туралы есебі. 2. Ғылыми-зерттеу орталықтарының есебі. 3. Оқу құралдарын баспаға ұсыну.

   Бірінші мәселе бойынша «Қиыр Шығыс», «Қытайтану», «Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия», «Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы» кафедраларының меңгерушілері оқу жылы бойынша атқарған жұмыстарын қорытындылап есеп берді. Сонымен қатар, кафедраның болашақтағы негізгі даму бағыттары және жоспарларымен бөлісті.

   Өз кезегінде факультет деканы Н.Б. Ем кафедралардың оқу жылы бойы атқарған қызметіне талдау жасап, жеткен жетістіктерін өте жоғары бағалап кафедра меңгерушілерін арнайы алғыс хаттармен марапаттады.

   Ғылыми-зерттеу орталықтарының директорлары да өз кезегінде бір жылдың ішінде атқарылған ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша өз есептерін берді.

   Келесі мәселе бойынша факультеттің профессор-оқытушылар құрамының оқу құралдары бойынша Ғылыми кеңес мүшелері өз пікірлерін білдіріп, баспаға ұсыну үшін дауыс беру арқылы шешім қабылдады.

   Жалпы 2024-2025 оқу жылында Ғылыми кеңестің бекітілген жұмыс жоспарына сай нақты 11 отырысы өтті. Шығыстану факультетінің Ғылыми кеңесі білім сапасын жақсарту, ғылыми зерттеулерді дамыту, халықаралық байланыстарды нығайту бойынша өз жұмысын келер оқу жылында да белсенді түрде жалғастыратын болады.

   Қорытынды отырыс соңында Ғылыми кеңес төрайымы Н.Б. Ем Ғылыми кеңес мүшелеріне 2024-2025 оқу жылындағы атқарған жұмысы және белсендіктері үшін алғыс білдіріп, факультетке жаңа оқу жылына сәттілік тіледі!