Факультеттің куратор - эдвайзерлермен кездесуFarabi University

Факультеттің куратор - эдвайзерлермен кездесу

25 маусым, 2025

25 маусым 2025 жылы «География және табиғатты пайдалану» факультетінің деканы  А.С.Актымбаева және оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ш.Шакен факультет куратор-эдвайзерлерімен жиналыс өткізді. Жиналысқа 100-ге жуық әртүрлі білім беру бағдарламаларының куратор-эдвайзерлері қатысты. Куратор-эдвайзерлердің жиналысы барысында бірнеше маңызды тақырыптар талқыланды.

Жыл бойы жасалған жұмыстардың есебі берілді. Сонымен бірге, ақпараттық кездесу барысында жыл бойы жасалған оқу-әдістемелік және тәрбие ісі бойынша туындаған мәселелер айтылып, олардың алдын-алу шаралары талқыланды. Куратор-эдвайзерлер жатақханада тұру мәселесі, білім бағдарламасы бойынша және т.б. өздерін мазалайтын сұрақтарын қойып, кеңес алды. Жиналыс барысында оқу процесін одан әрі жетілдіру үшін нақты ұсыныстар айтылды. Кураторлар өз тәжірибелерімен бөлісіп, студенттердің тәлімгерлік мәселелерін шешуге бағытталған жаңа тәсілдерді ұсынды. Жиын қорытындысы бойынша, ұсыныстар жинақталып, алдағы уақытқа арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.