- Басты бет
- Жаңалықтар
- Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасында Монтанай Эльмира Әзімбайқызының докторлық диссертациясы сәтті қорғалды
Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасында Монтанай Эльмира Әзімбайқызының докторлық диссертациясы сәтті қорғалды

2025 жылғы 30 маусымында Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасында 8D02209 – Шығыстану білім беру бағдарламасы бойынша докторант Монтанай Эльмира Әзімбайқызының докторлық диссертациясы сәтті қорғалды.
«Қазақ және түрік этностарының ұлттық киім дискурсын қалыптастырудағы лингвомәдени компоненттер» атты диссертациялық зерттеу тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Мирзахан Шарипбайұлы Егамбердиевтің төрағалығымен өткен диссертациялық кеңесте жоғары бағаланды. Кеңес зерттеудің өзектілігін, ғылыми жаңалығын және маңыздылығын атап өтті.
Ғылыми жетекшілері: Ахметбекова Ақбота Қарибаевна, филология ғылымдарының кандидаты, Таяу шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының доценті (отандық ғылыми жетекші), Адем Коч Эскишехир Османгази университетінің профессоры, Түркия (шетелдік ғылыми жетекші).
Ресми рецензенттері: Қалыбаева Қаламқас Сейдуллаевна – филология ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессоры.
Смагулов Болат Кудайбергенович - ҚР ҒЖБМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас ғылыми қызметкері, қауымдастырылған профессоры.
Дауыс беру нәтижелері бойынша кеңес Монтанай Эльмира Әзімбайқызына 8D02209 – Шығыстану білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы шешім қабылдады.
Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасы докторантты және оның ғылыми жетекшілерін сәтті қорғауымен шын жүректен құттықтап, оларға ғылыми жетістіктер мен кәсіби табыстар тілейді.
Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасы
Басқа жаңалықтар
