Факультет студенттері Синьцзян университетіндегі Жазғы мектепке қатысудаFarabi University

Факультет студенттері Синьцзян университетіндегі Жазғы мектепке қатысуда

17 шілде, 2025

әль-Фараби атындағы ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану факультетінің студенттері, магистранттары, докторанттары мен жас ғалымдары Қытай Халық Республикасының Үрімші қаласындағы Синьцзян университетінде өтіп жатқан екінші Жазғы мектепке қатысуда.

Бағдарлама аясында дәрістер мен мәдени шаралар қарастырылған. Мектеп барысында мынадай тақырыптар ұсынылды: Soil organic carbon stocks and carbon potentials in arid zone; Water sources and water use strategies of xerophytic plants in arid regions; Forest resources monitoring and protection based on LiDAR, сондай-ақ тұрақты табиғатты пайдалану саласындағы өзекті бағыттар.

Жазғы мектепке қатысу студенттердің академиялық дамуына және халықаралық ынтымақтастықтың артуына септігін тигізеді.

 

  

Жазғы мектептің ашылу салтанаты

 

  

Университет оқытушыларынан дәріс

 

Университеттің музейі

Мәдениетті бағдарлама барысы