«ГАЖ технологияларын пайдалана отырып, Алматы қаласы топырақ жамылғысының техногендік ластануын экологиялық бағалау» ғылыми жобасы аясында зерттеу жұмыстары басталдыFarabi University

«ГАЖ технологияларын пайдалана отырып, Алматы қаласы топырақ жамылғысының техногендік ластануын экологиялық бағалау» ғылыми жобасы аясында зерттеу жұмыстары басталды

22 шілде, 2025

Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тұрақты даму жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы, топырақ экологиясы зертханасы мен қоршаған орта мониторингі және тұрақты даму зертханасының қызметкерлері АР26199673 «ГИС-технологияларды қолдана отырып, Алматы қаласының топырақ жамылғысының техногендік ластануын экологиялық бағалау» атты ғылыми жобасы аясында зерттеу жұмыстарын бастады.

Жобаның ғылыми қызметкерлері: Базарбаева Т.А., Мұқанова Г.А., Шимшиков Б.Е., Тукенова З.А., Тусупова Б.Х., Кыргызбай К.Т. және Ошакбай А.А.

Зерттеу жұмыстары Алматы қаласы аумағындағы антропогендік әсерге ұшыраған топырақ жағдайын кешенді зерделеуге бағытталған. Жобаның мақсаты – мегаполистің қоршаған ортасын қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеу.