- Басты бет
- Жаңалықтар
- ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
2025 жылғы 1 қыркүйекте география және табиғатты пайдалану факультетінде 2025/2026 жаңа оқу жылының басталуына орай алғашқы кеңейтілген Ғылыми кеңес отырысы өтті. Бұл жиын жаңа академиялық кезеңнің бастамасын айқындап, факультеттің алдағы уақыттағы негізгі даму бағыттарын белгіледі.
Факультет деканы Алия Сағындыққызы Ақтымбаева әріптестеріне ыстық ықыласын білдіріп, ұжымның бірлігінің маңыздылығын атап өтті, профессор- оқытушылар құрамына еңбектері үшін алғыс айтып, барша қауымды жаңа оқу жылымен құттықтады. Ол өткен кезеңдегі жетістіктерге тоқталып, алдағы басым бағыттарды айқындады — білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарының дамуы және халықаралық ынтымақтастықты күшейту.
Кеңес университеттің Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор Алина Құлбайқызы Галеева сөз сөйлеп, факультет ұжымын жаңа оқу жылымен шын жүректен құттықтады және университеттің стратегиялық басымдықтарын таныстырды. Өз сөзінде ол профессор-оқытушылар құрамының оқу жүктемесіне, кредиттік жүйе құрылымына, оқу үдерісін жоспарлау мен еңбекақы мәселелеріне қатысты жаңа нормативтік өзгерістерге ерекше назар аударды.
Отырыс барысында факультеттің профессор-оқытушылар құрамы оқу, ғылыми және халықаралық қызметті ұйымдастыру, академиялық адалдық, білім беруде цифрлық технологиялар мен инновациялық тәсілдерді енгізу мәселелерін талқылады. Сондай-ақ факультеттің тұрақты даму жобаларына қатысуы мен бәсекеге қабілетті мамандар даярлау ісінің маңызы ерекше атап өтілді.
Кеңес өзара пікір алмасудың сындарлы рухында өтті. Факультет ұжымы бірлескен нәтижелі жұмысқа дайын екендігін білдіріп, күш-жігерді біріктіру факультетті университеттің жетекші ғылыми-білім беру бөлімшелерінің бірі ретінде нығайта түсетініне сенім білдірді.