Абай ілімінің мән-маңызыFarabi University

Абай ілімінің мән-маңызы

2 қыркүйек, 2025

2025 жылдың 2 қыркүйегінде Абай ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессор Дандай Ысқақұлы филология факультетінің 1 курс студенттеріне «Абай ілімінің мән-маңызы» тақырыбында көшбасшылық дәріс оқыды. Дәрісте «Абай ілімі» пәнінің мақсат-міндеттері мен мән-маңызы, қоғамдық-әлеуметтік қарым-қатынас пен рухани дүниетанымдағы Абай шығармашылығының рөлі жөнінде, сонымен қатар «Абайдың кісілік кодексіндегі» адамгершілік пен ізгілік қағидалары туралы айтылды. Профессор Абай Құнанбайұлының шығармашылығы негізінде адам бойында қалыптасатын көшбасшылық қасиеттер мен олардың мәнін саралады.

          Сондай-ақ аталмыш көшбасшылық дәрісте институт профессоры Төрегелді Тұяқбай Абай ілімінің ХХІ ғасыр жастарының бойында ақыл-ой байлығын және қоғамның интеллектуалдық әлеуетін арттырудағы, қоғам мүшелерінің тарихи жадын қалыптастырудағы, халық пен қоғамға, адамға, Отанға деген құрметін және сүйіспеншілігін шынайы қалыптастырудағы маңызын атап өтті. Көшбасшылық дәріс студенттердің рухани таным көкжиегін, білімге ұмтылыстары және шығармашылық ізденістерінің шекарасын кеңейтуге зор үлес қосты.