«Абай өсиеті – адамзатқа өнеге» атты көшбасшылық дәрісFarabi University

«Абай өсиеті – адамзатқа өнеге» атты көшбасшылық дәріс

3 қыркүйек, 2025

2025 жылдың 3 қыркүйегінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде Түркітану және тіл теориясы кафедрасының ұйымдастыруымен «Абай өсиеті – адамзатқа өнеге» атты көшбасшылық дәріс өткізілді. Дәріс 3-2 аудиториясында сағат 12:00-де басталды. Шараны PhD докторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ерболат Баят жүргізді.        

Көшбасшылық дәрістің негізгі мақсаты – ұлы ойшыл, ақын Абайдың даналық өсиеттерін студент жастарға жеткізу, олардың рухани дүниесін байытып, адамгершілікке, білімге және ізгілікке деген көзқарастарын қалыптастыру болды. Дәріс барысында Абайдың қара сөздері мен өлеңдерінде көтерілген басты тақырыптар – ғылым-білімге құштарлық, әділдік, еңбекқорлық, адамгершілік құндылықтар кеңінен талқыланды.                 

Ерболат Баят өз сөзінде Абайдың мұрасы тек қазақ халқы үшін ғана емес, бүкіл адамзатқа ортақ тәлім-тәрбие көзі екендігін ерекше атап өтті. Ұлы ойшылдың «толық адам» концепциясы мен адамдық қасиеттерге шақыратын өсиеттері бүгінгі қоғам үшін де өзекті екендігі айтылды. Сонымен қатар, дәріс барысында Абай шығармаларынан мысалдар келтіріліп, олардың жастарға берер тағылымы жан-жақты ашып көрсетілді.                                              Студенттер дәріс барысында белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісті, сұрақтар қойды. Әсіресе Абайдың ойларын қазіргі заманмен байланыстыруға тырысқан пікірлер ерекше назарға алынды. Бұл жастардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетті. Қорытындылай келе,  дәріс студенттердің рухани әлемін байытып, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды түсінуге ықпал етті. «Абай өсиеті – адамзатқа өнеге» атты көшбасшылық дәріс болашақ мамандардың дүниетанымына әсер етіп, олардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне үлкен үлес қосты.

Ұйымдастырушы: «Түркітану және тіл теориясы» кафедрасы.