Алатау баурайындағы демалыс күнгі тау жорығы
Жаңа оқу жылының алғашқы жексенбісінде География және табиғатты пайдалану факультетінің, Рекреациялық география және туризм кафедрасының бастауымен кіші Алматы шатқалындағы «Горельник» сарқырамасына демалыс күнгі тау жорығы ұйымдастырылды. Жорыққа кафедра оқытушылары Артемьев А.М., Абдреева Ш.Т., Байбуриев Р.М., Қалиева А.Б., Әділбай Б.С. жетекшілігімен 100 ден аса студент қатысты.
Жорық барысында кафедраның жаңа буыны, 1 курс студенттері, «Медеу» мұз айдынымен, өзімен аттас шатқалда орналасқан төменгі және жоғарғы «Горельник» сарқырамаларымен және қала тұрғындары арасында аса танымал жылы су көздерімен танысты.
«Горельник» сарқырамасына ұйымдастырлыған демалыс күнгі тау жорығы тұрақты дамудың келесі мақсаттарымен байланысты: «3-мақсат: жақсы денсаулық пен әл-ауқат» салауатты өмір салтын қамтамассыз ету және кез келген жастағы адамдардың әл-ауқатын арттыру; «15-мақсат: құрлық экожүйлерін сақтау» - құрлық экожүйлерін қорғау мен қалпына келтіру және оларды ұтымды пайдалануға ықпал ету.
Басқа жаңалықтар


