«Кедейлікті жою жолдары» тақырыбында дөңгелек үстелFarabi University

«Кедейлікті жою жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел

12 қыркүйек, 2025

2025 жылдың 12 қыркүйегінде Филология факультетінің «Түркітану және тіл теориясы» кафедрасының аға оқытушысы Айгүл Дәулеттің ұйымдастыруымен «Түркітану» мамандығының 3-курс студенттерімен «Кедейлікті жою жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

           Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – қоғамдағы кедейлікті төмендетудің тиімді тетіктерін талқылау, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың рөлін айқындау, сондай-ақ жастарды әлеуметтік мәселелерді шешуге тарту.

           Дөңгелек үстелге «Түркітану» мамандығының 3-курс студенттері қатысты.

Дөңгелек үстелде келесі мәселелер көтерілді:

  1. Кедейліктің негізгі себептері – жұмыссыздық, білім деңгейінің төмендігі, әлеуметтік теңсіздік.
  2. Мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі – «Жұмыспен қамту жол картасы», атаулы әлеуметтік көмек, шағын несие беру бағдарламаларының жүзеге асырылуы.
  3. Жастардың рөлі – еріктілік қызмет, әлеуметтік кәсіпкерлік, инновациялық жобалар арқылы қоғамға үлес қосу.
  4. Үкіметтік емес ұйымдардың бастамалары – қайырымдылық, әлеуметтік жобалар, халық арасында түсіндіру жұмыстары.

Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, проблемаларды шешу жолдарына ұсыныстар жасады.

Ұсыныстар мен қорытындылар

  • Халықты жұмыспен қамтуды арттыру үшін кәсіптік білім беру курстарын дамыту.
  • Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау арқылы аз қамтылған отбасыларға табыс табу мүмкіндігін кеңейту.
  • Қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдардың бірлескен жобаларын іске асыру.
  • Жастардың белсенді қатысуын ынталандыру мақсатында гранттық бағдарламаларды күшейту.

           Дөңгелек үстел өз мақсатына жетті. Қатысушылар пікір алмасып, нақты ұсыныстар берді. Шара барысында қоғамдағы кедейлік мәселесін шешуге тек мемлекет қана емес, әрбір азамат үлес қоса алатыны туралы ортақ көзқарас қалыптасты.

Ұйымдастырған:  Түркітану және тіл теориясы кафедрасының аға оқытушысы Дәулет Айгүл және «6B02209–Түркітану» мамандығының 3-курс студенттері