Ғарышкерлермен тағылымды жүздесу

2025 жылдың 9 қыркүйегінде есте қаларлық ерекше кездесу өтті. Айдын Айымбетовтың ғарышқа ұшқанына 10 жыл толуына орай ұйымдастырылған бұл шара жас ұрпаққа үлкен әсер қалдырды.
Кездесуге еліміздің тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров пен басқа да ғарышкерлер қатысып, өздерінің өмір жолынан тағылымды әңгімелер айтты. Олар қалай қатаң іріктеуден өткенін, ғарышқа алғаш көтерілген сәттегі толқуын, жүректегі ерекше сезімдерін шынайы жеткізді.
МКМ кафедрасының ұжымы да осы игі шараға қатысып, ғарышкерлерге көкейіндегі сұрақтарын қойып, ашық әңгіме өрбітті. Ғарышкерлер жастарға ғылым мен спортты қатар ұштастырып, үздіксіз еңбектенудің маңыздылығын ерекше атап өтті.
Бұл жүздесу – жас ұрпақтың арманын асқақтатып, болашаққа деген сенімін нығайтқан тағылымды әрі рухани бай шара болды.
МКМ кафедрасы
Басқа жаңалықтар


