«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫҚ

Механика-математика факультетінің ЕҒжС мамандығының 2 курс студенттері кураторларымен бірге 6.09.2025 күні қалалық А.П.Чехов атындағы кітапхана ұжымы М.Мақатаев скверінде ұйымдастырған «Таза Қазақстан» акциясына қатысты.
Бір жарым жылға жуық Қазақстан халқы бүкіл ел болып «Таза Қазақстан» жобасын жүзеге асырып келеді. Акция барысында саябақтар, аллеялар мен скверлер, тарихи-мəдени ескерткіштер аумағы, сондай-ақ өзендер мен каналдардың жағалаулары қоқыстан тазартылып, бей-берекет шашылған қалдықтар жиналыстырылып, арнайы полигондарға жеткізіліп жатыр. Мыңдаған тонна қоқыс шығарылып, қоршаған ортаның көркі ашылып, басқасын да күнде оқып, көріп жүрміз. Көптеген адамдардың қоршаған ортаны аялауға, қорғауға да ұмтылып жатқанын білеміз.
Табиғатты аялау – біздің өмір-салтымызға айналуы керек.
Президентіміз Қ.-Ж.К.Тоқаев: «Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Туған жерімізді ешкім келіп тазалап, көркейтіп бермейді. Отанымызды таза ұстау – әр азаматтың қастерлі парызы» – дейді.
Сондықтан табиғатты аялау, экологиялық мәдениеттің артуы қоғамымызға аса қажет. Әрбір азамат қоршаған ортаның тазалығына айрықша мән беріп, оны сақтауға атсалысса, туған еліміздің экологиясы жақсарып, жас ұрпақ жарқын болашақта өмір сүреді.
Механика-математика факультеті студенттерінің «Таза Қазақстан» акциясына қатысуы БҰҰ Тұрақты Даму Мақсаттарының (ТДМ) бірқатарына сәйкес келеді. ТДМ 11: Тұрақты қалалар мен елді мекендер – қалалық скверлерді, аллеялар мен тарихи орындарды тазалау арқылы студенттер өз қаласының өмір сүруге қолайлы, таза әрі қауіпсіз болуына, ТДМ 13: Климаттың өзгеруіне қарсы күрес – табиғатты қорғау, қоқысты дұрыс жою және экологиялық мәдениетті арттыру арқылы климаттың өзгеру салдарын азайтуға бағытталған жаһандық бастамаларға да өз үлестерін қосуда. ТДМ 15: Құрлықтағы экожүйелерді қорғау – жасыл аймақтарды, өзен-көл жағалауларын тазарту және табиғатты аялау – жергілікті биоәртүрлілікті сақтауға және экожүйелердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге септігін тигізеді.
Бүгінгі бастамаға белсене қатысқан студенттеріміз табиғатты қорғау – әрбір оқушы жастың міндеті екенін түсініп қайтты.
Болат ӘБЕНОВ,
Есептеу ғылымдары және статистика кафедрасының аға оқытушысы
Басқа жаңалықтар


