«Ақ қайың» тоғайының алма бақтарына саяхат
Қыркүйек айының 14 жұлдызында География және табиғатты пайдалану факультеті, Рекреациялық география және туризм кафедрасының оқытушылары Артемьев А.М., Абдреева Ш.Т., Әділбай Б.С. ұйымдастыруымен Іле Алатауының «Ақ қайың» тоғайына демалыс күнгі тау жорығы ұйымдастырылды.
Жорыққа жалпы саны 65 студент және табиғат жанашырлары «Jerdin dostary» қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты. Жорық барсында, студенттер, осы аймақта орналасқан, қаламыздың символына айналған алма бақтарында алманың, алмұрттың бірнеше сұрыптарымен танысып, дегустация жасады.
«Ақ қайың» тоғайына ұйымдастырлыған демалыс күнгі тау жорығы тұрақты дамудың келесі мақсаттарымен байланысты: «3-мақсат: жақсы денсаулық пен әл-ауқат» - салауатты өмір салтын қамтамассыз ету және кез келген жастағы адамдардың әл-ауқатын арттыру; «4-мақсат: сапалы білім беру» - ауқымды және әділетті сапалы білім беруді қамтамасыз ету; «15-мақсат: құрлық экожүйлерін сақтау» - құрлық экожүйлерін қорғау мен қалпына келтіру және оларды ұтымды пайдалануға ықпал ету.
Басқа жаңалықтар


