- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Мейрамхана ісі мен қонақ үй бизнесі» БББ студенттері Яндекс музейінде цифрлық шешімдермен танысты
«Мейрамхана ісі мен қонақ үй бизнесі» БББ студенттері Яндекс музейінде цифрлық шешімдермен танысты

Алматы қаласындағы Яндекс музейі – инновациялар мен заманауи технологиялардың тоғысқан орны. Дәл осы ортада «Мейрамхана ісі мен қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері үшін аудиториядан тыс практикалық сабақ ұйымдастырылды. Іс-шара «Қызмет көрсету саласындағы ақпараттық технологиялар» пәнінің шеңберінде өтіп, оны рекреациялық география және туризм кафедрасының аға оқытушысы, осы пәнді жүргізетін Нұрұлы Елдар ұйымдастырды.
Студенттер экскурсия барысында заманауи цифрлық шешімдермен, жасанды интеллект элементтерімен және интерактивті құрылғылармен танысты. Әсіресе, Яндекс қосымшасының қонақжайлылық саласындағы қолданылу мүмкіндіктері ерекше қызығушылық тудырды. Бұл тәжірибе студенттерге теорияны нақты практикамен ұштастырып, болашақ кәсібіне қажетті инновациялық ойлау қабілеті мен кәсіби құзыреттерін дамытуға жол ашты.
Музейдің тағы бір бірегей ерекшелігі – экспонаттарды көрумен қатар оларды сатып алуға мүмкіндік берілуінде. Мұндай формат студенттерге сервистік қызмет көрсетудің жаңа үлгілерін шынайы сезініп, тұтынушылық тәжірибені заманауи тұрғыда ұғынуға мүмкіндік берді.
Бұл бастама БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен үйлеседі. Атап айтқанда, ТДМ 4 «Сапалы білім» және ТДМ 9 «Инновациялар мен инфрақұрылым» бағыттарын жүзеге асыруға үлес қосып, студенттердің цифрлық сауаттылығын арттыруға әрі заманауи технологияларды кәсіби салада қолдануға дайындығын нығайтуға ықпал етті.
Басқа жаңалықтар


