Механика-математика факультетінде ППС оқытушыларына арналған жиналыс өттіFarabi University

Механика-математика факультетінде ППС оқытушыларына арналған жиналыс өтті

13 қыркүйек, 2025

2025 жылғы 12 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінде профессорлық-оқытушылар құрамына арналған жиналыс өтті. Іс-шараны Академиялық мәселелер жөніндегі департамент пен Ақпараттық технологиялар департаменті бірлесе ұйымдастырды.

Жиын барысында факультет оқытушылары университет жүйесіне енгізілген жаңа ақпараттармен және жаңашылдықтармен танысты. Сондай-ақ академиялық процесті жетілдіруге бағытталған ұсыныстар мен шаралар талқыланды. Оқытушылар интерактивті силлабустың енгізілуімен және балл қою жүйесімен таныстырылды.

Академиялық мәселелер жөніндегі департамент – ҚазҰУ-дың оқу үдерісін жоспарлау, ұйымдастыру және жетілдіруді жүзеге асыратын негізгі құрылымдық бөлімшесі. Департаменттің басты міндеттеріне білім беру бағдарламаларын дамыту, білім, ғылым және инновацияны интеграциялау, оқыту әдістемесін жетілдіру, кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру және түлектерді жұмыспен қамтуға ықпал ету кіреді. Сонымен қатар, департамент оқу үдерісінің тиімділігін арттыру мақсатында академиялық және цифрлық инновацияларды енгізуге ерекше назар аударады.

Бұл іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының бірнеше Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) сәйкес келеді: ТДМ 4: Сапалы білім беру – жиналыста талқыланған жаңа академиялық саясат пен әдістемелік тәсілдер оқытушылардың кәсіби дамуына, студенттердің сапалы білім алуына ықпал етеді. ТДМ 9: Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым – академиялық мәселелер жөніндегі департамент оқу үдерісіне цифрлық шешімдер мен инновацияларды енгізу арқылы университеттің білім беру инфрақұрылымын жетілдіреді. ТДМ 17: Мақсаттарға қол жеткізу жолындағы серіктестік – факультеттер мен құрылымдық бөлімшелер арасындағы үйлестіру, стейкхолдерлерді білім беру бағдарламаларын әзірлеуге тарту және ұлттық деңгейдегі алқалық органдармен жұмыс – тиімді серіктестікті қамтамасыз етеді.

Дулатова Нұриля Жүнісбекқызы

Механика-математика факультетінің деканат маманы