ТДМ №4: ҚазҰУ жастары Ыстықкөл жағасындаFarabi University

ТДМ №4: ҚазҰУ жастары Ыстықкөл жағасында

13 шілде, 2025

Қырғыз Республикасының көрікті Ыстықкөл жағасында орналасқан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жазғы спорттық-сауықтыру лагерінде университет жастары үшін ерекше демалыс өтті.

Бұл демалысқа университеттің ең белсенді әрі дарынды жастары – Студенттік театрдың қатысушылары, АРТ-орталықтың талантты студенттері, сондай-ақ әртүрлі студенттік клубтар мен ұйымдардың белсенділері жиналды. Олар шығармашылық пен идеялардың ортақ алаңында бірігіп, ерекше әрі қызықты уақыт өткізді.

Сонымен қатар, студенттер жазғы спорттық-сауықтыру лагерінде демалып, салауатты өмір салтын насихаттап, спортпен айналысуға және өзара ынтымақтастықты арттыруға мүмкіндік алды.

Бұл жазғы демалыс студенттердің рухани-мәдени дамуына, шығармашылық әлеуетін ашуға және өмірлік құндылықтарды қалыптастыруға бағытталды. Ыстықкөлдің табиғаты мен таза ауасы студенттерге демалуға, жаңа күш-қуат жинауға және алдағы оқу жылына дайындалуға оң ықпал етті.