ТДМ №17: Ашық аспан астындағы кино кешіFarabi University

ТДМ №17: Ашық аспан астындағы кино кеші

10 қыркүйек, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасымен бірлесіп, университет қалашығында студенттерге арналған ерекше «Ашық аспан астындағы кино кешін» ұйымдастырды.

Бұл шара студенттердің бос уақытын тиімді өткізуге, командалық рухты нығайтуға және мәдени-танымдық белсенділікті арттыруға бағытталды. Іс-шара барысында студенттер үшін жайлы әрі көңілді атмосфера жасалып, кино көрермендеріне тегін попкорн ұсынылды.

Кино басталар алдында қатысушылар университет пен Алматы қаласының тарихына арналған қызықты викторинаға қатысты. Викторинаға белсенді қатысып, дұрыс жауап берген студенттер арнайы сыйлықтарға ие болды. Бұл викторина студенттердің білімін арттырып қана қоймай, олардың арасында бірлік пен ынтымақтастықты нығайтты.

Кино таңдауы студенттердің талғамын ескере отырып жасалды, ал ашық аспан астындағы жайлы ортаның қамтамасыз етілуі шараның ерекше атмосферасын қалыптастырды.

Университетіміз Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасымен алдағы уақытта да мәдени және білім беру бағытындағы көптеген қызықты іс-шаралар ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Іс-шараның ең қызықты сәттері Жастар ұйымдары комитетінің әлеуметтік желілерінде жарияланды.