Ягеллон университетінің профессорларымен кездесу және қонақ дәріс
2025 жылғы 19 қыркүйекте География және табиғат пайдалану факультетінің 225-аудиториясында рекреациялық география және туризм кафедрасында Краков қаласындағы (Польша) Ягеллон университетінің География және кеңістікті басқару институтының профессорларымен кездесу және қонақ дәріс өтті. Делегация құрамында профессор Мирослав Мика бастаған 7 ғалым болды.
Дәрістер «The contexts of sustainable tourism development» тақырыбына арналды. Онда туризмнің тұрақты дамуының қазіргі заманғы қырлары мен сын-қатерлері қарастырылды. Сонымен қатар, поляк профессорлары өздерінің ғылыми зерттеу бағыттарын, географиялық қырларын, әдістемелік ерекшеліктері мен практикалық нәтижелерін таныстырды.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың маңызды мәселелері: мамандар даярлау, студенттер алмасу, ғылыми жобаларды жүзеге асыру және болашақтағы ықпалдастық бағыттары талқыланды.
Мұндай қонақ дәрістер кафедраның имиджіне өте оң әсерін тигізіп, халықаралық байланыстарды нығайтуға және ғылыми-білім беру әлеуетін дамытуға зор мүмкіндік ашады.