Рекреациялық география және туризм кафедрасындағы лидерлік дәрістерFarabi University

Рекреациялық география және туризм кафедрасындағы лидерлік дәрістер

20 қыркүйек, 2025

2025 жылғы 2 қыркүйектен ай соңына дейін География және табиғат пайдалану факультетінің 225-аудиториясында рекреациялық география және туризм кафедрасында Венгрия ауыл шаруашылығы және жаратылыстану ғылымдары университетінің (Hungarian University of Agriculture and Life Sciences, Будапешт, Венгрия) профессоры Давид Лоранттың лидерлік дәрістер циклі өткізілуде.

Дәрістердің тақырыбы Еуропа елдеріндегі туризмнің дамуы, тұрақты даму, туристік саясат және туризм мен қонақжайлылық саласындағы өзекті мәселелерді қамтиды.

Дәрістерді кафедраның магистранттары мен докторанттары тыңдап, өз білімдерін кеңейтуге, профессорға сұрақтар қоюға және халықаралық туризмнің заманауи үрдістерін талқылауға мүмкіндік алды.

Мұндай кездесулер академиялық тәжірибе алмасуға, кәсіби құзыреттерді дамытуға және болашақ мамандардың ғылыми әлеуетін арттыруға ықпал етеді.