
2025 жылдың 22 қыркүйегінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультеті, Түркітану және тіл теориясы кафедрасының ұйымдастыруымен түркітану мамандығының 1-курс студенттері арасында Эко-спорт күні өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің спортқа деген қызығушылығын арттырумен қатар, экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғаудың маңызын насихаттау болды. Күн бағдарламасына табиғат аясындағы велошеру, жүгіру марафоны, ашық жаттығулар және «Zero Plastic Day» – бір күн бойы пластик заттарды қолданбау акциясы енді.
Студенттер табиғат аясында сергіп, өзара ынтымақтастық пен белсенділік танытты. Жас буын экологиялық жауапкершіліктің үлгісін көрсетіп, спорт пен салауатты өмір салтының табиғатпен үйлесімділігін айқындады.
Эко-спорт күні барысында қатысушылар тек спорттық белсенділікпен ғана емес, экологиялық ойлау мен табиғатты аялау мәдениетімен де ерекшеленді. Бұл бастама студенттердің экологиялық санасын арттырып қана қоймай, олардың болашақта табиғатты қорғауға бағытталған жобаларға белсенді атсалысуына ықпал етеді.
Факультет пен кафедра ұжымы студенттердің осындай пайдалы әрі мағыналы шараларға белсене қатысуына қолдау көрсетіп келеді. Жас түркітанушылардың алдағы уақытта да біліммен қатар қоғамдық-экологиялық бастамаларға үлес қосарына сенім мол.
Ұйымдастырушы: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының аға эдвайзері Аширкулов К.Б.