- Басты бет
- Жаңалықтар
- Халықаралық дөңгелек үстел: «Медиация – құқықтық және коммуникативтік мәдениеттің элементі»
Халықаралық дөңгелек үстел: «Медиация – құқықтық және коммуникативтік мәдениеттің элементі»

2025 жылғы 23 қыркүйек күні, сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде (Алматы қ., әл-Фараби даңғылы 71/27, Әл-Фараби кітапханасы, 409 конференц-зал) «Медиация – құқықтық және коммуникативтік мәдениеттің элементі» тақырыбында Халықаралық дөңгелек үстел өтеді.
Іс-шараны Республикалық «Адам және Құқық» медиаторлар мен заңгерлер одағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетімен бірлесіп, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен ұйымдастырады.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – медиацияны құқықтық және коммуникативтік мәдениеттің маңызды құралы ретінде дамытуға ықпал ету, халықаралық тәжірибе алмасу, сондай-ақ мектептік медиацияның рөлі мен осы саладағы жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылау.
Шараға ғылыми және білім беру қауымдастығының өкілдері, кәсіби медиаторлар, заңгерлер, қоғамдық қайраткерлер мен халықаралық сарапшылар қатысады деп күтілуде. Іс-шара медиация институтын Қазақстанда және одан тыс жерде нығайтуға бағытталған мазмұнды пікірталас алаңы болмақ.
Іс-шараның маңызы:
Бүгінгі күні медиация – дауларды шешудің заманауи әрі тиімді құралы, қоғамда диалог мәдениетін, құқықтық сана мен өзара түсіністікті дамытудың маңызды тетігі ретінде танылып отыр. Халықаралық дөңгелек үстел медиация тәжірибесін жетілдірудің жаңа тәсілдерін айқындап, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді.
Өтетін күні мен орны:
23 қыркүйек 2025 жыл, сағат 15:00
Алматы қ., әл-Фараби даңғылы 71/27, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Әл-Фараби кітапханасы, 409 конференц-зал.
Іс-шараны ұйымдастыру комитеті
Басқа жаңалықтар


