Математика кафедрасының оқытушылары іс-сапарда

Қыркүйек айының 15-19 аралығында математика кафедрасының оқытушылары Шәкір Айдос пен Мухамбеткалиев Мурат Бельгияның Гент қаласындағы Гент Университетінде “Advanced COmputational Methods in ENgineering and Applied Mathematics” атты IX Халықаралық конференциясына қатысты. Аталған конференцияға әлемнің 37 мемлекетінен 150-ден астам зерттеуші-ғалым қатысты. Келесі әлемдік деңгейдегі ғалымдар пленарлық баяндама жасау құрметіне ие болды:
- Peter Bastian (Universität Heidelberg)
"Coupled shallow surface and subsurface flow with application to high mountain catchments"
- Jerome Droniou (University of Montpellier)
"The Discrete De Rham method for electromagnetic models: from Maxwell to Yang-Mills to manifolds"
- Jan S. Hesthaven (Karlsruhe Institute of Technology (KIT))
"Time-domain Reduced Order Models through the Laplace Transform"
- Barbara Kaltenbacher (Alpen-Adria-Universität Klagenfurt)
"Forward and Inverse Problems in Nonlinear Acoustics"
- Michael Klibanov (University of North Carolina at Charlotte)
"Convexification Method in Inverse Problems"
- Matti Lassas (University of Helsinki)
"Mapping properties of neural networks and inverse problems"
- Barbara Wohlmuth (Technical University of Munich)
"Hybrid pde models for bio-medical applications"
Конференция барысында болашақ зерттеулерге арқау болатындай қарым-қатынастар орнатылды.
Бұл қатысу тұрақты даму мақсаттарына сәйкес келеді: ТДМ 4 «Сапалы білім беру» (біліктілікті арттыру және академиялық ұтқырлықты дамыту), ТДМ 9 «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым» (заманауи технологиялар мен ғылыми зерттеулерді ілгерілету), ТДМ 17 «Тұрақты даму үшін әріптестік» (халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайту).
Математика кафедрасы
Басқа жаңалықтар


