ТДМ №8: Студенттер Президенттің Жолдауын тыңдап, еліміздің даму міндеттерімен таныстыFarabi University

ТДМ №8: Студенттер Президенттің Жолдауын тыңдап, еліміздің даму міндеттерімен танысты

8 қыркүйек, 2025

Оқу ордамыздың студент жастары Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауын тыңдап, еліміздің алдағы жылдардағы әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары мен жаңа міндеттерімен танысты. Бұл Жолдау – мемлекетіміздің дамуы үшін нақты бағдар, қоғамның барлық салаларын жаңғыртуға бағытталған кешенді жоспар.

Биылғы жолдауда еліміздің дамуын жеделдетуге бағытталған білім беру, цифрландыру, инновация, экология және әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы маңызды бастамалар қамтылды.

Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде: «Біз кеше кім болғанымызды ұмытпаймыз. Төл тарихымызға құрметпен қараймыз. Ал келешекте кім болатынымыз тек қана өз қолымызда екенін жақсы түсінеміз. Сондықтан ғылым-білімге ұмтылған, елін-жерін көркейтуді ойлаған жастарға әрдайым жан-жақты қолдау көрсете береміз. Біз қолға алған ауқымды жұмыстың бәрі жастардың жарқын болашағы үшін жасалып жатыр. Өскелең ұрпақ ертең соның игілігін көреді, оны еселеп, лайықты жалғастырады.», – деп атап өтті.

Студенттер бұл маңызды жолдау арқылы өздерінің де еліміздің жарқын болашағына үлес қосатынын терең түсініп, Президенттің Жолдауында көтерілген бастамаларды қолдап, Қазақстанның дамуына белсене атсалысуға ниетті.