- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-да ЮНДТҰ өкілімен кездесу: туризмдегі ынтымақтастық және гендерлік теңдік
ҚазҰУ-да ЮНДТҰ өкілімен кездесу: туризмдегі ынтымақтастық және гендерлік теңдік
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кампусында, География және табиғатты пайдалану факультетінде факультет деканы А.С. Ақтымбаева мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік туристік ұйымының (ЮНДТҰ, Мадрид, Испания) жобалық менеджері Бенжамин Оуэн арасында кездесу өтті.
Кездесу барысында туризм саласындағы ынтымақтастықтың болашағы, тұрақты даму, гендерлік саясат және басқа да маңызды бағыттар талқыланды. Бұл мәселелер университет ғалымдарының Индонезияда өткен Азия және Тынық мұхиты аймағындағы туризмде әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелеріне арналған БҰҰ-ның II Өңірлік конференциясына қатысуы аясында бастау алған еді.
Сонымен қатар, осы сапар аясында факультеттің аудиториялық қоры бейнежазба жүргізу үшін пайдаланылды. Аталған материалдар Қазақстандағы туризмдегі гендерлік теңдікке қатысты баяндама дайындау барысында қолданылып, Біріккен Ұлттар Ұйымында ұсынылатын болады.