Цифрлық трансформация және экологиялық құқық мәселелерін талқылауға арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өттіFarabi University

Цифрлық трансформация және экологиялық құқық мәселелерін талқылауға арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

26 қыркүйек, 2025

2025 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында «Цифрлық трансформация жағдайындағы экологиялық заңнаманы дамытудың заманауи ізденістері мен келешегі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Іс-шара Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының ұйымдастыруымен өтті. Конференцияны университеттің Басқарма төрағасының орынбасары – Бірінші проректор Еркін Ерманұлы Дүйсенов ашып, еліміздегі цифрлық трансформация мен экологиялық заңнаманың дамуындағы өзекті мәселелерге тоқталды.

Конференция жұмысына отандық және шетелдік ғалымдар, заңгерлер, сарапшылар мен тәжірибелі мамандар қатысты. Атап айтқанда:

  • Уалихан Ақыпбекұлы Ахатов – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің деканы, заң ғылымдарының кандидаты, профессор;

  • Гүлдана Амангельдиевна Куаналиева – Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор;

  • Даулет Лайықұлы Байдельдинов – ҚазҰУ профессоры, заң ғылымдарының докторы;

  • Абзал Темірғалиұлы Құспан – ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі;

  • Сайлаубек Тынышбекұлы Әлібеков – Қонаев Университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы;

  • Аваззода Барзу – Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының қызметкері (Тәжікстан Республикасы, Душанбе қ.);

  • Нұржан Сәулен – ҚР Президенті іс басқармасына қарасты Парламентаризм институтының бас маманы, PhD докторы;

  • Жазира Қайратқызы Сұлтанқұлова – ҚР Парламенті Мәжілісіндегі "Ауыл" партиясы фракциясының аппарат басшысы;

  • Томас Хоффманн – Таллин Технологиялық Университетінің профессоры (Эстония);

  • Гүлнар Әбдезқызы Стамқұлова – Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің профессоры, заң ғылымдарының кандидаты;

  • Арман Мұхтарұлы Нүгірбеков – Алматы қаласының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры;

  • Эдвардас Юхневичюс – Гданьск мемлекеттік университетінің профессоры (Польша);

  • Одилбек Абдулназар Мавлоназарзода – Тәжік Ұлттық Университеті заң факультетінің доценті, заң ғылымдарының кандидаты;

  • Шогун Амренова – Тәжік Ұлттық Университетінің доценті, көлік және табиғи ресурстар құқығы саласының маманы;

  • Бобуршох Боходир ұлы Ибрагимов – Ташкент мемлекеттік экономикалық университетінің доценті.

Сонымен қатар, кафедра ғалымдары дайындаған Цифровое общество и право монографиясының тұсаукесері өтті. Конференция аясында ҚР Президент істері басқармасы жанындағы Парламентризм институты мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Конференция барысында қатысушылар БҰҰ ТДМ-13 іске асыру мен экологиялық заңнаманың қазіргі заманғы сын-қатерлерге бейімделуі, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды заңдық реттеу арқылы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін жан-жақты талқылады. Сонымен қатар, халықаралық тәжірибе мен құқықтық реттеудің заманауи тәсілдері бойынша баяндамалар ұсынылып, пікір алмасу ұйымдастырылды.

Конференция нәтижесінде экологиялық құқық саласындағы заңнаманы жетілдіру және цифрлық трансформация жағдайында тиімді құқықтық механизмдерді қалыптастыру бойынша ұсыныстар жасалды.