Урбоаймақтардағы табиғи-техногендік қауіп-қатерлер
Тұрақты даму саласындағы 11-мақсат – Тұрақты қалалар мен елді мекендер аясында 4 курс «Табиғи-техногендік қауіп-қатерлер» мамандығының студенттері арасында ашық кураторлық сағат өткізілді. Сабақтың тақырыбы: «Урбоаймақтардағы табиғи-техногендік қауіп-қатерлер».
Іс-шараның мақсаты – студенттердің урбанизация жағдайындағы табиғи және техногендік қауіп-қатерлердің ерекшеліктерін түсінуін, оларды бағалау және алдын алу жолдарын талдауын қамтамасыз ету.
Ашық кураторлық сағат дөңгелек үстел форматында өтті. Студенттер келесі мәселелерді қарастырды: ауа сапасы және жылу аралы құбылысы; жер сілкіністері және қала инфрақұрылымының тұрақтылығы; көлік және өнеркәсіптің қоршаған ортаға әсері; су ресурстарының тапшылығы және табиғи апаттар.
Жалпы пікірталас нәтижесінде студенттер «Қауіпсіз және тұрақты қала» құру үшін қажет бес негізгі ұсынысты атап көрсетті:
- Экологиялық таза көлікті дамыту;
- Жасыл аймақтарды ұлғайту;
- Қала құрылысы кезінде сейсмикалық қауіпсіздікті күшейту;
- Су ресурстарын тиімді пайдалану;
Қоғамдық экологиялық мәдениетті көтеру.
Ашық кураторлық сағат студенттердің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті. Шара барысында студенттер өз ойларын еркін жеткізіп, урбоаймақтардың тұрақты дамуы үшін ғылыми негізделген және өміршең ұсыныстар ұсынды.