ТДМ №16: Жастардың қаржылық сауаттылығы – сенімді болашаққа қадам!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика, тарих және филология факультеттерінде білім алатын студенттер үшін қаржылық сауаттылыққа арналған ақпараттық кездесу ұйымдастырылды. Шараға еліміздің жетекші қаржы институттарының бірі – «Отбасы банк» АҚ мамандары арнайы келіп, кеңес беру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында банк өкілдері жастарға жеке бюджетті тиімді жоспарлау, жинақ мәдениетін қалыптастыру, инвестиция жасау мүмкіндіктері, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу жолдары мен банктік қызметтердің қауіпсіздігі жөнінде жан-жақты мәлімет берді. Сонымен қатар, студенттердің қаржы саласына қатысты көкейдегі сұрақтарына толық жауаптар ұсынылды.
Мамандар қаржылық сауаттылықтың болашақта әрбір азаматтың өмірінде маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, студенттерге өз қаражаттарын дұрыс басқару, жинақ шоттарын ашу тәртібі және қаржыны тиімді бағыттау бойынша практикалық кеңестер берді.
Факультеттерде өткен кездесулер студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды. Жастар мамандардан жеке кеңес алу мүмкіндігін пайдаланып, өз болашақтарына қатысты маңызды мәліметтерге қанықты. Қаржылық сауатқа қатысты ақпараттар олардың өмірлік шешім қабылдауына және болашақты дұрыс жоспарлауына ықпал ететіні сөзсіз.
Бұл ақпараттық шара студенттердің қаржылық мәдениетін дамытуға, мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді пайдалануға және сенімді болашақ қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.