1 қазан Қазақстан Республикасының Жоғары білім қызметкерлері күні
1 қазан Қазақстан Республикасының Жоғары білім қызметкерлері күні. Бұл мереке әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің География және пайдалану пайдалану факультетінде ерекше атап өтілді. Студенттер факультет қызметкерлерін әсем әуенмен қарсы алып, ыстық лебіздерін арнады. Факультетте көрме ұйымдастырылып, оқытушылар мен қызметкерлерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Құттықтау барысында факультет қызметкерлерінің білім беру мен тәрбиелеу ісіндегі еңбегі жоғары бағаланды.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – жоғары білім саласындағы қызметкерлердің еңбегін насихаттау, олардың қоғамдағы рөлін айқындау және ұстаздар мен студенттер арасындағы рухани байланысты нығайту болды.
Факультет ұжымы алдағы уақытта да білім сапасын арттыру, ғылым мен тәрбие саласында жүйелі жұмыс жүргізу бағытында нәтижелі қызмет атқара береді.
Осы іс-шаралар аясында факультетте География ғылымдарының кандидаты, профессор Темірбеков Амангелді Тәжиевичтің қатысуымен бірқатар танымдық және тәрбиелік маңызы зор іс-шаралар ұйымдастырылды.
«Өнегелі өмір жолы» тақырыбындағы кездесуде профессор студенттермен өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, ғылым мен білім саласындағы маңызды ойларын ортаға салды.
«Қазіргі Қазақстандағы география ғылымы мен білім берудің рөлі» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында студенттер мен оқытушылар өзекті ғылыми мәселелер төңірегінде пікір алмасты.
Сонымен қатар, екі шеберлік сабағы өтті:
— «Геоақпараттық технологиялар – заманауи білім берудегі жаңа бағыт»
— «Жоғары білім – ұлттық дамудың кепілі: ұстаздың жаһандық миссиясы» (Болашақ бағдарламасы аясында)
Бұл іс-шаралар студенттердің ғылыми қызығушылығын арттырып, кәсіби бағыт-бағдарын айқындай түспек.