1 қазан – Қазақстан Республикасының Жоғары білім қызметкерлері күні
1 қазан – елімізде Жоғары білім қызметкерлері күні аталып өтетін маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн – жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, ғылымды дамыту жолында тер төгіп жүрген ұстаздар қауымына құрмет көрсету күні.
Осыған орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультетінде мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара барысында оқытушылар мен қызметкерлерге алғыс айтылып, олардың білім беру мен ғылыми-зерттеу ісіндегі еңбектері ерекше атап өтілді. Факультет ұжымы ұстаздарға ізгі тілектерін білдіріп, олардың шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіне ризашылықтарын жеткізді.

Мерекелік басқосу Ботаника және агроэкология кафедрасының ұйымдастыруымен өтті. Кафедра оқытушылары мен студенттері тарапынан дайындалған құттықтаулар мен жылы лебіздер іс-шараны көрікті етіп, қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Ботаника агроэкология кафедрасы