- Басты бет
- Жаңалықтар
- Шығыстану факультеті, Қиыр Шығыс кафедрасының студенттері Чусок мерекесін атап өтті
Шығыстану факультеті, Қиыр Шығыс кафедрасының студенттері Чусок мерекесін атап өтті
2 қазан, 2025
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті, Қиыр Шығыс кафедрасы, Корейтану бөлімінің 4 курс студенттері корей халқының ұлттық мерекесі – Чусокқа орай мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шара барысында студенттер Чусок мерекесінің тарихы мен мазмұны жайлы баяндама жасап, ұлттық салт-дәстүрлерден көріністер ұсынды. Сонымен қатар, дәстүрлі ойындар ойнатылып, корей халқының ұлттық тағамдары таныстырылды.
Мерекелік жиын кафедра студенттері мен оқытушыларына корей мәдениетінің ерекшеліктерін тереңірек танып-білуге мүмкіндік берді. Мұндай шаралар болашақ мамандардың тілдік білімін жетілдірумен қатар, мәдениетаралық құзыреттілігін дамытуға ықпал етеді.
Қиыр Шығыс кафедарының аға оқытушысы Сайлаукенова Ә.Е.


Басқа жаңалықтар
1 сәуір, 2026
1 сәуір, 2026