ТДМ №4, 16: Қаржыны дұрыс басқару – өмірлік маңызды дағды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Медицина және денсаулық сақтау факультетінде студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл шараға «Отбасы банк» акционерлік қоғамының мамандары қатысып, жастарға қаржы саласындағы өзекті түсініктер мен дағдылар туралы жан-жақты ақпарат берді.
Түсіндіру жұмыстары барысында студенттерге жеке қаржыны тиімді басқару жолдары, табысты жоспарлау мен жинақ мәдениетінің маңызы түсіндіріліп, инвестициялау мүмкіндіктері мен мемлекеттік бағдарламалардың артықшылықтары таныстырылды. Сонымен бірге, банктік қызметтерді қауіпсіз пайдалану бойынша пайдалы кеңестер ұсынылды.
Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, жинақ шоттарын ашу және қаражатты тиімді пайдалану тәртібі жөнінде практикалық мағлұмат алды. Банк мамандары жастардың қаржылық сауаттылығы олардың болашақтағы тұрақтылығына тікелей ықпал ететінін атап өтті.
Факультет студенттеріне жүргізілген бұл ақпараттық-түсіндіру жұмыстары олардың қаржылық мәдениетін қалыптастыруға, жауапты шешім қабылдау қабілетін дамытуға, сондай-ақ кәсіби және жеке дамуына оң әсер етті.