ТДМ №4, 16: Қаржылық сауаттылық – табысты болашақтың негізіFarabi University

ТДМ №4, 16: Қаржылық сауаттылық – табысты болашақтың негізі

30 қыркүйек, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінде студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шараға «Отбасы банк» акционерлік қоғамының мамандары қатысып, жастарға қаржы саласындағы өзекті мәселелер бойынша жан-жақты мәлімет ұсынды.

Түсіндіру жұмыстары барысында студенттерге жеке қаржыны тиімді басқару тәсілдері, табысты жоспарлау мен жинақ мәдениетінің маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар, инвестиция жасау мүмкіндіктері мен мемлекеттік бағдарламалардың артықшылықтары таныстырылып, банктік қызметтерді қауіпсіз пайдалануға қатысты практикалық кеңестер берілді.

Философия және саясаттану факультетінің студенттері өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, жинақ шоттарын ашу тәртібі мен қаражатты тиімді пайдалану жолдары жөнінде құнды ақпарат алды. Мамандар жастардың қаржылық сауаттылығы олардың болашақтағы тұрақтылығына, жауапты шешім қабылдауына және кәсіби дамуына зор ықпал ететінін атап өтті.

Бұл ақпараттық-түсіндіру жұмыстары студенттердің қаржылық мәдениетін қалыптастыруға, қаржы әлеміндегі негізгі ұғымдар мен дағдыларды меңгеруіне, сондай-ақ олардың саналы әрі сенімді болашақ құруына жол ашты.