Жоғары білім – ұлттық дамудың кепіліFarabi University

Жоғары білім – ұлттық дамудың кепілі

3 қазан, 2025

«Жоғары білім – ұлттық дамудың кепілі: ұстаздыңжаһандық миссиясы» атты шеберлік сабағы»
1 қазан – Қазақстан Республикасы жоғары білім қызметкерлері күніне орай Картография және геоинформатика кафедрасында ерекше іс-шара өтті. Кафедраның PhD, қауымдастырылған профессоры, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі Какимжанов Е.Х. «Жоғары білім – ұлттық дамудыңкепілі: ұстаздың жаһандық миссиясы» тақырыбында шеберлік сабағын жүргізді.
Шеберлік сабақ барысында профессор заманауи жоғары білім беру үрдістері, оқытушының қоғамдағы орны мен жаһандық деңгейдегі миссиясы жайында ой бөлісті. Соныменқатар, «Болашақ» бағдарламасы арқылыжинақтаған тәжірибесімен бөлісіп, білім беру сапасын арттырудағы халықаралық тәжірибеніңмаңыздылығына тоқталды.


Аталған шараға кафедрамыздың жас буын оқытушылары, докторанттар мен магистранттар белсенді қатысып, пікір алмасу алаңына айналды. Шеберлік сабақ қатысушыларға кәсіби дамуғасерпін беріп, педагог мамандығының қоғамдағыстратегиялық рөліне жаңаша көзқарасқалыптастырды.
Бұл іс-шара кафедра ұжымының кәсіби мерекесіне орай ерекше рухани сыйлық болып, жоғары білім қызметкерлерінің ұрпақ тәрбиелеудегі және ұлттық дамудағы миссиясын айқындай түсті.